• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Президент 24 Ақпан, 2022

Мемлекет басшысы «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасын қабылдады

279 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысына Қазақстанның телекоммуникация саласының қазіргі ахуалы, оның мобильді сегментінің дамуы, халық пен бизнеске көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру жұмыстары жөнінде баяндалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Қуанышбек Есекеев Президентке 5G желісін енгізудың және цифрлық теңсіздікті одан әрі төмендетудің перспективалары туралы баяндады. Ол, сондай-ақ, 2018-2020 жылдары ауылдық жерлерде салынған оптикалық-талшықты магистраль базасында жергілікті желілерді салу бойынша жобаларды жүзеге асыру барысы туралы айтты. «Цифрлық серіктес» бағдарламасы аясында жоғары жылдамдықты интернетті әрбір үйге жеткізу жобасына жеке сервистік компаниялар қосылды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы компанияның 2300 МГц диапазонындағы FWA (Fixed Wireless Access, тіркелген сымсыз байланыс) озық технологиясын пайдалану жөніндегі жоспарымен танысып шықты.

Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев компанияның қала мен ауыл арасындағы цифрлық теңсіздікті төмендету жөніндегі қазіргі қызметіне, сондай-ақ ұлттық телеком-оператордың перспективасы бар  жобаларына қатысты нақты тапсырмалар берді.