• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қоғам 25 Ақпан, 2022

Мемлекеттік қызметтер ақысын QR арқылы төледі

277 рет
көрсетілді

Былтыр «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Kaspi және Halyq Bank-пен бірлесіп, ХҚО-ларда мемлекеттік бажды QR көмегімен төлеу сервисін енгізді. Бір жыл ішінде қазақстандықтар QR кодты 700 мыңнан астам рет сұратып, 2,8 млрд теңгеден астам сомаға төлем жасаған.

QR төлемді белсенді қолданғандардың ішінде Алматы қаласының тұрғындары көш бастап тұр, екінші орында – қарағандылықтар, одан кейінгі тізімде – астаналық тұрғындар (тиісінше 72 052, 63 278, 54 354).

QR кодтың көмегімен мемлекеттік қызметтердің баж алымын ең аз төлегендер – Атырау мен Солтүстік Қазақстан облысындағы тұтынушылар (23 080 және 23 449 рет).

«Сервис енгізілген сәттен бастап, біз оң өзгерістер бай­қап отырмыз – клиенттер уақытын үнемдеп, опера­тор­­дың алдында отырып-ақ қызмет ақысын төлеп жүр. Кас­­са­лардың жүктемесі төмендеді. Сондай-ақ QR код арқылы төлем жасалғанда комиссия алынбайды. Осы­ның барлығы бізге таяу уақытта ХҚО-дағы касса­лардың санын үштен бірге дейін қысқартуға мүмкіндік береді», деп атап өтті «Азаматтарға арналған үкімет» мем­лекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Әділ Қожықов.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы 2021 жылғы қыр­күйектегі Жолдауында мемлекеттік қызметтерді алу кезіндегі проблемаларға назар аударып, бұл процес­терді толығымен цифрландыруды тапсырған бола­тын. QR код арқылы төлем жасау сияқты сервис­тер азаматтардың мемлекеттік қызметтерді алу ретін жеңілдетуге көмектеседі.

Қазір QR кодтың көмегімен 146 түрлі мемлекеттік қызметтің ақысын төлеуге болады. Болашақта бұл тізім толықтырылады. QR код арқылы мемлекеттік баж алымын төлеу Kaspi және Halyq Homebank мобильді қосымшалары арқылы қолжетімді.