• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Ақпан, 2022

Мұзайдын пайдалануға берілді

376 рет
көрсетілді

2500 орындық спорт нысанының ашылу рәсіміне облыс басшылары мен Қазақстан хоккей лигасының (QHL) басқарушы директоры Андрей Сачук, сондай-ақ аты аңызға айналған ардагер спортшы Сергей Макаров бастаған әлемдік шайбалы хоккей жұлдыздары қатысты.

Салтанатты шара барысында құттықтау сөз сөйлеген аймақ басшысы соңғы екі жыл ішінде өңірде 8 жаңа спорт нысаны ашылғанын атап өтті.

– Елімізде бұқаралық спорт түрлері дамып келеді. Мә­селен, былтыр пайдалануға берілген шаңғы базасында рес­публикалық деңгейдегі ірі жа­рыстар өтуде. Бүгінде облыста 300 мыңға жуық ересектер, 80 мыңнан астам балалар мен жасөспірімдер спортпен айналысуда. Мемлекеттік спорттық тапсырыс аясында 7 мыңнан астам бала тегін үйірмелерге барып жүр. Бұл мақсатқа облыс бюджетінен 500 млн теңге бөлінді. Осыдан жиырма жыл бұрын қала орталығында салынған мұз са­­райының құрылғылары ес­кіріп кеткендіктен, спорт нысанын мамырдан қазан айына дейін жауып қоюға тура келеді. Ал бүгін пайдалануға берілген жаңа мұз айдыны уақыт талап­тарына сай жыл он екі ай жұмыс істейді. Ең бастысы, енді мұнда өңір намысын қорғап жүрген өз спортшыларымыз жаттығатын болады, – деді А.Мұхамбетов.

Облыс әкімінен соң КСРО еңбек сіңірген спорт шебері, шайбалы хоккейден екі дүркін Олимпиада, 8 дүркін әлем чемпионы Сергей Макаров мұз айдынына шықты. Көпшілікпен «Ассалаумағалейкүм!» деп мұ­сыл­манша амандасқан әй­гілі спортшы жаңа сарай­дың жастар үшін пайдасы зор екенін, мұндай мұз айдыны кез келген өңірде бо­ла бермейтінін айтып, енді 5-6 жылдан кейін Қостанайда хоккей шеберлерінің жаңа буы­ны өсіп шығатынына сенім білдірді.

Жаңа нысанға жиналғандар одан кейін Петропавл қала­сынан келген «Құлагер» хок­кей командасы мен руд­ныйлық «Горняктың» ара­сындағы жолдастық кездесуді тамашалады.

Словакиялық Н+Н Tech­nika компаниясының өкі­лі, аталған мұз аренасының директоры Талғат Ерішов: «Мұз аренасы ең соң­ғы үл­гідегі заманауи құрыл­ғы­лар­мен жаб­дықталған. Мұнда наурыз айынан бастап №3 балалар мен жасөспірімдер спорт мек­тебінің тәрбиеленушілері жат­тыға бастайды. Қала тұр­ғын­дарына да есік ашық. Мұ­зай­дынға келушілер үшін арнайы конькилер сатып алын­ған. Бұл конькилерді ере­сектер шамамен 2 мың теңгеге, ал балалар 1000 теңгеге жалға ала алады», деді.

Мұз сарайының 500 көлікке арналған автотұрағы бар. Көк­тем шығып, күн жылынған соң, жаңа нысанның айналасына жасыл желек отыр­ғызылып, абаттандырылатын болады.

 

ҚОСТАНАЙ