• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 25 Ақпан, 2022

Цифрлық майнинг жұмысы бойынша ақпараттандыру ережелеріне өзгерістер енгізіледі

343 рет
көрсетілді

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі цифрлық майнингті жүзеге асыру бойынша қызмет туралы ақпараттандыру ережесіне өзгерістер мен толықтырулар дайындады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәселен, цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыруды жоспарлайтын заңды тұлғалар уәкілетті органдарды электрондық өтініш түрінде хабардар етуі тиіс.

Есептеу операцияларын орындау және деректерді өңдеу үшін кешенді есептеу инфрақұрылымын қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсетуді жоспарлайтын заңды тұлғалар цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғаларға цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғалармен шарт жасасқан сәттен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде электрондық өтініш түрінде уәкілетті органды хабардар етуі тиіс.

Бұдан басқа, бұл субъектілер уәкілетті органға өз қызметі туралы ақпаратты тоқсан сайын электрондық форматта беретін болады.

Құжат жобасы 2022 жылғы 14 наурызға дейін «Ашық НҚА» порталында жария талқылау үшін орналастырылған.