АҚШ Ресейдің Украинадағы әскери операциясына байланысты Ресей президенті Владимир Путинге, Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровқа және ресейлік қауіпсіздік қызметкерлеріне санкция салады, деп хабарлайды Egemen.kz Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.
Бұл туралы журналистерге Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джен Псаки мәлімдеген.
Оның айтуынша, мұндай шешім АҚШ президенті Джо Байден мен Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Лейеннің телефон арқылы сөйлесуінен кейін қабылданған.
Джен Псаки Путинге қатысты шектеу шараларын қолдану мәселесі «біраз уақыттан бері» талқыланып жатқанын атап өтті.
Ол Ресей басшылығына қатысты шектеулер туралы кейінірек қосымша ақпарат беретінін айтты.