• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 26 Ақпан, 2022

Ешкім зардап шеккен жоқ

393 рет
көрсетілді

Украина елінде жүрген отандастарымыз әскери әрекеттер салдарынан ешқандай зардап шекпеген. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров ақпарат таратты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Украина мемлекетіндегі әскери әрекеттер басталғанға дейін «Air Astana» ұшақтары тұрақты рейстерін тоқтатпады. Отандастарымыздың елге оралуына кедергі болған жоқ. Оларды елге қайтаратын мүмкіндік болғанымен, бұйыра алмаймыз. Барлық шешімді өздері қабылдайды. Қуаныштысы, ешкім зардап шеккен жоқ», деді ол. Бұған дейін Киевтегі Қазақстан елшілігінің штаттық режимде жұмыс істеп тұрғаны белгілі болған еді. Сондай-ақ өтініш білдірген жүздеген отандасымыз алдағы күндері елге оралатыны туралы да мәліметтер бар.