• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Ауа райы 27 Ақпан, 2022

27 ақпан елімізде қандай ауа райы күтіледі?

217 рет
көрсетілді

Қазгидромет 27 ақпанға арналған ауа райы болжамына ерекше метеорологиялық  болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанның барлық аумақтарында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек еліміздің батысында Оңтүстік циклон шұңқырының ықпалымен жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын жауып, көктайғақ күтілді. Республика бойынша кей жерлері тұманды болады. Еліміздің батысында, оңтүстігінде және шығысында желдің күшейюі күтіледі. Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде, батысында және орталығында жел 15-20 м/с дейін күшейеді, Атырау облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында көктайғақ, солтүстігінде тұман күтіледі. Күндіз Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с күшейеді. Қызылорда облысының солтүстігінде тұман, күндіз желдің күшейюі 15-20 м/с күтіледі. Түнде және таңертең Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарда – тұман, облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарда желдің күші 15-20 м/с жетеді. Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі, облыстың батысында 15-20 м/с дейін жел күшейеді. Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, Қостанай облысының солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, Қарағанды облысының солтүстігінде, батысында тұман күтіледі.