• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Әлем 27 Ақпан, 2022

Украинадағы қазіргі жағдай қандай?

1355 рет
көрсетілді

Украина, Донецк және Луганск аумақтарында әскери қақтығыстар жалғасуда, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өткен түні Харьковта жарылыстар басталды. Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, Харьковтағы жарылыс  салдарынан 9 қабатты үйдің тұрғыны қайтыс болды. Құтқарушылар жиырма шақты адамды эвакуациялады. Үйдің жертөлесінде 60-қа жуық адам оқ атудан жасырынып отырған. Олардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ.

Чернигов қаласына зымыран соққысы түсуі мүмкін екендігін ескертіп, азаматтарға түнде сақтанып жүруіне кеңес берілді.

«Украина өзінің энергетикалық жүйесін Ресей мен Беларусьтің Біріккен желісіне қоспайды», деп хабарлады елдің энергетика министрі Герман Галущенко.

Сонымен қатар, Львовтағы теміржол вокзалында мыңдаған адамдар Польшаға пойыз күтіп отыр.