Еуропаның 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында өткен теннис ойынында Заңғар Нұрланұлы Парижде Tim Essone турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, бұл айтулы жарыста кезінде Роджер Федерер, Рафаэль Надаль, Гаэль Монфис сияқты мықтылар жеңімпаз атанған еді.
Дода барысында Заңғар әуелі аустриялық Максимиллиан Хейдельмайерді 7:6 (7:4), 6:3 есебімен жеңді. Сосын Францияның жасөспірімдер арасында бірінші ракеткасы Лени Кутурьені 7:5, 6:7 (5:7), 6:4 есебімен ұтты.
Ширек финалда Нұрланұлы Ресейдің жарық жұлдызы Сава Рыбкинге бірде-бір ұпай бермей 6:0, 6:0 есебімен таза жеңіске жетті. Ал жартылай финалда ливандық Даниэль Жадты 6:1, 6:2 есебімен ұтты.
Бүгін Заңғар Нұрланұлы финалда (елорда уақытымен сағат 20.00-де басталады) тағы бір франциялық Тимео Труфеллимен бас жүлдені сарапқа салады.