• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Бокс 27 Ақпан, 2022

Қоржынымызға екінші алтын медаль түсті

403 рет
көрсетілді

Болгария астанасында бокстан өтіп жатқан Странджа кубогында ерлер арасында қазақстандық Махмұт Сабырхан ел қоржынына екінші алтын медальды салды, деп хабарлайды Egemen.kz.

54 келі салмақта ел намысын қорғап жатқан отандасымыз Махмұт Сабырхан финалда жергілікті боксшы Ясен Радевпен жұдырықтасуы керек болатын. Бірақ, қарсыласы жарақатына байланысты жекпе-жекке шығудан бас тартты.

Осылайша, Махмұт Сабырхан аталған турнирдің алтын медальына айқассыз қол жеткізді.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медальды әйелдер арасынан әлемнің екі дүркін чемпионы Назым Қызайбай жеңіп алған болатын.

Сондай-ақ бүгін Дулат Бекбауов (67 келі) Дания елінің өкілі Николай Тертерянмен кездессе, Сағындық Тоғамбай (86 келі) украиндық Сергей Горсковпен бәсекеге түседі. Ал, Валентина Хальзова (70 келі) ресейлік Галина Головченкомен шеберлік байқасады.