• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қоғам 28 Ақпан, 2022

«Саламатты ауылдың» сауабы көп

283 рет
көрсетілді

Еліміздің шағын ауылдарында жастардың бос уақытын өткізуге арналған жаңа орындар пайда болуда. Өздерінің туған жеріндегі өмірді өзгертуге тырысқан қоғам белсенділері түрлі бастамаларды ұсынуға тырысады.

Осы орайда біз Қызылорда облысы М.Шәме­нов атындағы ауыл тұрғындарының «Саламатты ауыл» атты жаңа спорт орталығын қалай ашқаны туралы сөз етпекпіз.

Жаңа нысанды ашу жөніндегі бастаманы құрамында Сәтбай Серәліұлы, Исатай Ербатыр, Нарбота Серәлі бар топ жүзеге асыра білді.

Жігіттерге бастаманы жүзеге асыруға Ақ­па­рат және қоғамдық даму министрлігінің тап­сырысы бойынша бөлінген шағын грант көмектесті.

«Спорт орталығының немесе клубтың пайда болуын біздің ауылдың барлық тұрғындары армандады. Біз оны ашқан кезде, мұндай оқиғаға барлығының қаншалықты қуанғанын байқадық. Өйткені бізде бұдан бұрын жастардың бос уа­қы­тын өткізетін жері жоқ еді. Сонымен қатар біз өскелең ұрпақтың уақытты пайда­лы өткізгенін қалаймыз, олар спортпен шұғылданып, саламатты өмір салтын ұстанса дейміз. Дені сау ұлт қана бәсекеге қабілетті бола алатыны белгілі. Ауылда тұратын жастар да бұдан тыс қалмауы керек. Біз жас ұрпақтың дұрыс жолды таңдағанын қалаймыз», дейді Сәтбай Серәліұлы.

Жастар өздерінің үлгісімен ауылдастарына бүгінгі таңда мақсатты жүзеге асыру үшін ниет пен табандылық жеткілікті екенін көрсетті.

Өткен жылы Қазақстанда «Ауылдағы азаматтық бастамаларды дамытуға бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру» жобасы іске асырылған болатын.

Жоба аясындағы барлық үздік бастамалар гранттық қолдау арқылы жүзеге асты. Осындай жобалардың бірі – Қызылорда облысы Жалағаш ауданында жүзеге асырылып жатқан «Саламатты ауыл» жобасы.

Спорт орталығына кіру тегін. Барлық тұр­ғын­дар бұл жобаның пайдалылығын бағалап үлгерді. Жаңа ұйымға әртүрлі жастағы адамдар келеді. Өйткені мұнда спортпен шұғылдану үшін қажетті жабдықтар бар. 500 мың теңге ұтып алған бастамашыл топ үстел теннисіне арналған жабдықты, қабырғаға ілінетін турник­терді, арнайы жаттығу жабдықтарын, бокс қолғаптарын және басқа да қажетті керек-жарақтарды сатып алды.

Сәтбай Серәліұлы алдағы жоспарларымен де бөлісті. Оның айтуынша, орталықта жастар арасында спорттық жарыстар өткізіледі деп жоспарлануда.

Еске салайық, Азаматтық бастамаларды қол­дау орталығының қолдауымен 2021 жы­лы ауылдық жерлердегі өмірді жақсартуға бағытталған азаматтық бастамаларды дамыту үшін бүкіл ел бойынша 60 шағын грант іске асырылған болатын.