• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Ауа райы 28 Ақпан, 2022

Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы

340 рет
көрсетілді

Қазгидромет мамандары 28 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Фронтальды бөліктердің әсерінен еліміздің батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде жауын-шашын жауады, (жаңбыр мен қар түрінде), көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі.

Республика бойынша кей жерлерде тұман, оңтүстікте найзағай күтіледі.

Түнде және таңертең Түркістан облысында таулы аудандарда найзағай, облыстың батысы мен таулы аудандарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшеюі мүмкін.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында тұман, түнде оңтүстік-батысында желдің 15-20 м/с күшейеді.

Түнде және таңертең Жамбыл облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман болады.

Қызылорда облысының орталығында тұман, желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.

Түнде Батыс Қазақстан облысының батысында, күндіз солтүстік-батысында көктайғақ, тұман күтіледі.

Ақмола облысының оңтүстік-шығысында, батысында, Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында, Ақтөбе облысының солтүстігінде, Қостанай облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының оңтүстігінде, Қарағанды облысының солтүстігінде, батысында, түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының шығысында тұман болады.