Қырғыздың Тоқмоқ қаласында белгісіз біреулер кикбоксингтен әлем чемпионы Руслан Абасов пен жұбайы отырған Toyota автомобилін жарып жіберді. Бұл туралы Шу мемлекеттік ішкі істер департаментінен ИТАР-ТАСС тіілшісіне хабарлады.
«Жарылыс спортшы мен оның жұбайы көлікке отырған кезде орын алды, - деп атап өтті ішкі істер департаментіндегілер. – Қазіргі таңда болған оқиғаның жай-жапсары тексерілуде».
Осы оқиғадан кейін Абасов Тоқмақ қалалық ауруханасына алып бара жатқан жолда қайтыс болған. Оның әйелі қазір ауыр халде жатыр.
Төтенше жағдай болған жерде саперлер мен криминалистер жұмыс жасап жатыр. Алайда, олар қылмыскерлердің жарылатын қондырғының қандай түрін пайдаланғанын анықтай алар емес. «Болған жайдың бірнеше болжамы қарастырылуда, бірақ негізгісі ретінде террорлық акт айтылады», - деп атап өтті ішкі істер департаметіндегілер.
Өткен онжылдықтың ортасында Руслан Абасов WBKF нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанған болатын. Бұдан бөлек, WAKO нұсқасы бойынша әлемнің екі дүркін, сондай-ақ интерконтиненталды WAKO нұсқасы бойынша әлемнің бір дүркін, сондай-ақ Еуропаның екі мәрте чемпионы болған еді. 2006 жылы ол 93 килоға дейінгі салмақта Еуропаның WBKF нұсқасы бойынша жеңімпаздыққа қол жеткізген.
Құрыш Нұрымбет.
Рәсім: ИТАР-ТАСС.
Фото: ИТАР-ТАСС/NewsTeam/Абдула Магомедов, архив.