ҚР Қаржы министрі 2022 жылғы 22 ақпандағы бұйрықпен темекі өнімдерінің ең төменгі бөлшек сауда бағаларын белгіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сонымен, фильтрлі, фильтрсіз 20 темекінің ең төменгі құны:
2022 жылғы 1 наурыздан бастап 2022 жылғы 30 маусымға дейін қоса алғанда 550 теңге;
2022 жылғы 1 шілдеден бастап 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін қоса алғанда 570 теңге;
2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап 600 теңгеге дейін қымбаттайды.
Бұйрық 2022 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.