• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 28 Ақпан, 2022

657 қазақстандық эвакуациялануды өтінді – ҚР Украинадағы елшісі

353 рет
көрсетілді

Қазақстанның Украинадағы елшісі Дархан Кәлетаев 657 қазақстандық эвакуацияға өтініш бергенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Елшінің айтуынша, ғаламторда Киев қаласының жабылғаны туралы жалған ақпарат тараған. Ол Украина астанасынан автобуспен украин-поляк шекарасына дейін 40 адамды шығару жоспарланғанын атап өтті.

«Қазақстанның Украинадағы Елшілігі Киевте, сондай-ақ, Львов, Харьков, Одесса және Днепрде тағы төрт құрметті консулдығы бар. Барлық құрметті консулдар ерікті негізде жұмыс істейтінін атап өтемін, яғни олар біздің азаматтарымызды Украинадан поляк Катовицасына өз есебінен тасымалдауды ұйымдастырады», деп түсіндірді ҚР Украинадағы елшісі.

Елші оған Украинадан эвакуацияланған қазақстандықтардан түрлі шағымдар келіп түсетінін атап өтті.

«Маған бірінші рейспен жіберуді талап еткен ер адам келді. Оған бірінші кезекте әйелдер мен балалар тасымалданатынын қалай түсіндіруге болады?», деді Дархан Кәлетаев.

Елші эвакуациялауды сұраған Қазақстан азаматтарының санын да атады.

«Қазіргі уақытта 657 қазақстандық Украинадан эвакуациялауға өтініш толтырды. Қазір біздің азаматтарымызды тасымалдайтын алғашқы репатриациялық рейс Катовицеден ұшуға дайындалып жатыр», деп қосты Дархан Кәлетаев.

Бұған дейін 241 қазақстандық Польша шекарасынан өткені белгілі болды.