• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Бизнес 28 Ақпан, 2022

Алматы кәсіпкерлеріне үш миллиардтан астам қаржы бөлінді

245 рет
көрсетілді

Алматыда қаңтар айындағы тәртіпсіздік кезінде зардап шеккен кәсіпкерлерге үш миллиардтан астам теңге төленді, деп хабарлайды Egemen.kz.

2022 жылы 26 ақпанда шағын және орта бизнес субъектілеріне мүліктік зиянды анықтау жөніндегі өңірлік комиссия отырысында кәсіпкерлердің жалпы құны 827,8 млн теңгені құрайтын 135 өтінім мақұлданды.

Оның ішінде бюджет қаражаты есебінен 718,1 млн теңгеге 80 өтінім, «Жаңа Алатау» қайырымдылық қорының қаражатынан109,7 млн теңгеге 55 өтінім  қаржыландырылды.

Алматы қаласы бойынша комиссия жұмысы басталғаннан бері 3 140,4 млн теңгеге 890 өтінімді мақұлданды, оның ішінде бюджет қаражатынан 2 275,8 млн теңгеге 459 өтінім , «Жаңа Алатау» қорының қаражатынан 864,6 млн теңгеге 431 өтінім түсті.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда тәртіпсіздік барысында жалпы сомасы 34,3 млрд теңгені құрайтын 1413 шағын және орта бизнес субъектісі зардап шекті. Электрондық платформаға «Infokazakhstan.kz» кәсіпкерлерден 2700-ден астам өтінім келіп түсті.

Аяна Тоғанбек