• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
28 Наурыз, 2014

Батыс Қазақстан облысы аумағына МН-300 зымыраны құлады

262 рет
көрсетілді

Кеше, 27 наурыз күні Батыс Қазақстан облысының Бөкейордасы ауданындағы Шоңғай елді мекенінің оңтүстік-шығыс шетінен бір шақырым қашықтықта МР-30 кешенінің МН-300 метеорологиялық зымыраны құлады. Осы оқиға орын алған жерден зымыран қалдықтары табылған. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 2013 жылғы 28 қарашада Қазақстан мен Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігі арасындағы жоспарына сәйкес сынақ жұмысын жүргізу жоспарланған болатын. Енді Ресей Қорғаныс министрілігінің мәліметіне жүгінсек, сынақ барысында қозғалтқыш қондырғысы істен шығып, зымыран полигон аумағына жетпей құлаған. Зымыран қалдықтарынан зардап шеккендер жоқ. Қазіргі кезде Қазақстан Қорғаныс министрлігі оқиға салдары түпкілікті анықталғанша, Ресейге жалға берілген алаңдарда сынақ жүргізуді уақытша тоқтатты. Әмірхан Алмағанбетов. Дереккөз: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. Фото: www. Inform.kz.