• RUB:
    5.63
  • USD:
    477.15
  • EUR:
    522.43
Басты сайтқа өту
Қазақстан 01 Наурыз, 2022

Қазақ халқына құрметіміз зор

308 рет
көрсетілді

Жыл сайынғы көктем мезгілінің алғашқы күні – еліміз үшін айтулы мереке. Алғыс айту күні – бұл, ең әуелі, еліміздегі тыныштық пен бейбітшілікті ұлықтау күні.

Қазақ халқы кешегі қиын-қыстау заманда өзге этнос өкілдерінің басына түскен ауыртпалықты қайыспай бірге көтере білді. Бұл бүгінгі таңда еліміздегі түрлі этнос өкілдерінің арасында адамгершілік қарым-қаты­настың өнегелі өлшеміне айналды. Бүтін нанын бөліп беріп, үйінің төрін ұсынды. Ешкімді де өзге деп өгейсінбей, бауырына басқан болатын. Сондықтан да біз, өзге этнос өкілдері қазақ халқына алғысымызды айтамыз. Қазақ халқының жері қандай кең болса, пейілі де сондай дархан.

Бүгінде бүкіл әлемнің Қазақстан­нан үлгі алуына болады. Себебі дос­тығы мен бірлігі мықты ел қашан­да дараланып тұрады. Қазақстан жерінде өмір сүріп жатқанын мақтан тұтатын этностың бірі – біздер. Бұл мерекені тойлау барысында өске­лең ұрпағымызға достық, бір-бірі­не деген құрмет пен сыйластық еліміз­дің басты байлығы екенін ұғын­дыру керек. Адамзат баласын өзара жақын­дастыратын құнды қасиет – оның адамгершілігі. Адамгер­шілігі мықты жанның әркезде де өзгелер­ге көмектесіп, алғыс алатыны анық. Біз алғыс айту арқылы арамыздағы достықты нығайта береміз деп ойлаймын.

Қазақстан – менің өз елім. Мен өз елімде еркін өмір сүріп жатқаным үшін қазақ халқына алғыс білдіре­мін! Сондай-ақ, мені бар мейірімімен тәрбиелеген ата-анама алғыс айтамын! Басты байлығым – балалары­ма, бірге жұмыс істеп келе жатқан әріп­тестеріме де алғыс деймін! Жалпы, тек Алғыс айту күні ғана емес, әрдайым бір-бірімізге көмектесіп, бір-бірімізге алғыс айтып, алғысқа бөленіп жүрейік деп тілеймін!

 

Динара НҰРАЛИЕВА,

Тараз қаласындағы №34 мектептің директоры, «Вынхуа» дүңген этномәдени бірлестігінің белсенді мүшесі

 

Жамбыл облысы