• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қоғам 01 Наурыз, 2022

Ел құрметіне бөленген

318 рет
көрсетілді

Жарты төбе ауылдық округі Достық ауылында Қасым Аманжолов атындағы №32 жалпы орта мектебі орналасқан. Аталған білім ордасының мектеп директоры Жамиля Амантайқызы Жолдасбекованың күнделікті өмірде ауылымызға инабатты келін атанған жайы бар.

Жетпістегі қария мен жеті жасар баланың тілін таба білетін, жан-жақты ізденімпаз, ер-азаматқа сай ерік, жігерлі, мұғалімдерге талапшыл, оқушыларға қамқор жан.

Мектеп басшысының білім жолында жеткен жетістік­тері жетерлік. Менің айтқым кел­гені – оның адамгершілік қа­сиет­тері, қайырымдылығы, аза­мат­тық ұстанымы. «Жақсының жақсылығын айт – нұры тасысын...» демекші, қайырымды істің басы-қасынан табылатын ол «Мектепке жол» акциясы аясында қаншама аз қамтылған көпбалалы отбасынан шыққан оқушыларды мектеп формасымен, оқу құралдарымен қамтамасыз ету ісін үнемі қолға алып келеді. Достық ауылы қарияларының ақ батасы мен ыстық ықыласына бө­ленген басшы оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру жолында әлі талай белестерді бағындырары сөзсіз.

Мерейлі мереке Алғыс айту күнінде ел батасы мен алғы­сын алып жүрген Жамиля Аман­тайқызы жайлы бір үздік сырды сіздермен осылайша бөлісуді жөн көрдім.

 

Нұрбол ДОСАНОВ,

Достық ауылының тұрғыны

 

Түркістан облысы,

Сарыағаш ауданы