• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 01 Наурыз, 2022

Авиаотын тапшылығы жүйелі түрде шешілуге тиіс

169 рет
көрсетілді

Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиевтің төрағалығымен азаматтық авиацияны дамыту мәселелері бойынша салалық кеңес өтті. Іс-шараға Азаматтық авиация комитетінің, «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ, авиация кәсіпорындарының, «Атамекен» ҰКП, шағын авиация қауымдастығы өкілдері мен ардагерлер қатысты.

Өткен жылдың қорытын­ды­ла­ры мен 2022 жылға арналған жоспарлар талқыланған ке­ңес барысында ИИДМ Аза­мат­тық авиация комитеті ұшу қауіпсіздігі деңгейін, ішкі және халықаралық әуе қаты­на­сын арттыру, әуе кө­лі­гі инфра­құ­ры­лы­мын жаң­ғы­р­ту ба­ғы­тын­да атқарылып жат­­қан жұ­мыс­тар жөнінде баян­да­ды.

Комитет төрағасы Талғат Ластаев келтірген деректер бо­­йынша, ИКАО-ның Үй­лес­ті­рілген валидациялық мис­сиясы шең­берінде халық­ара­лық аудитор­лардың тәуелсіз тексеруі қо­ры­т­ын­дысында Қа­зақстан ұшу қауіп­сіз­дігін қам­та­ма­сыз ету деңгейін 84%-ға дейін кө­тер­ді. Бұл – орташа әлемдік көр­сет­кіш­тен 15%-ға жоғары.

Заңнамалық жұмыстар шең­бе­рінде ұшқышсыз ұшатын аппараттарды пайдалануды реттеу нормасын, атап айтқанда, сертификаттау рәсімін енгізу, қашықтан сәйкестендіруге қойылатын талаптарды бел­гі­леу және оларды пайдала­натын аймақтарды айқындау қа­растырылуда.

Сондай-ақ әуе компанияларына ұшуға шектеу қойылатын адамдардың жеке тізімін жасау­ға мүмкіндік беретін норма ен­гі­зіл­­мек. Оған ұшақта тәртіп бұз­ған және онысы заңмен дә­лел­денген адамдар ғана енуге тиіс.

Елімізде әуе көлігі инфра­құ­рылымын жаңғырту аясында қазір 6 нысанда жұмыс­тар жүріп жатыр. Олар – Шым­кент әуежайының жаңа терми­налының құрылысы, Орал әуе­жа­йының терминалын, Қос­та­най әуежайының аэро­вок­­зал кешенін, Өскемен әуе­жа­йының ұшу-қону жола­ғын, Үржар және Үшарал әуежайларын жаңғырту жобалары.

Кеңесте саланы әуе отынымен қамтамасыз ету, тарифтік саясат және мамандарға қатыс­ты мәселелер талқыланды. Жыл сайын мұнай өңдеу зауыт­та­рын­дағы жөндеу жұмыс­та­рына байланысты авиа­отын тапшы­лы­ғы туындай­ды. Қазір жағдай біршама тұрақтанды, алайда мәселені жүйелі шешу үшін ИИДМ қысқа және ұзақ мерзімді перспективаға ұсы­ныстар дайындап, олар Энер­ге­тика министрлігімен бірге пысықталуда.

Алдағы екі жылда ұшу қа­уіп­­сіз­дігі стандарттарына сәй­­кес­тік деңгейін 90%-дан асырып, ИКАО аудитінен сәтті өту негізгі міндет болып отыр. АҚШ-қа тікелей рейстер ашу шеңберінде Қазақстанның авиациялық әкім­шілігі мен АҚШ-тың кө­лік қауіпсіздігі әкім­­шіл­ігі ара­сын­да­ғы ынты­мақ­­тастық жалғасады.

Сондай-ақ «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлт­тық жобасы аясында әлем­де­гі эпидемиялық жағ­­дайдың жақ­саруына және ин­фра­­­­құ­ры­лым­дық объекті­лер­­­дің жаң­ғыр­тыл­уына қарай пан­де­мияға де­йін­­гі деңгейдегі ха­лық­аралық қа­ты­нас­ты қал­пы­на келтіру жұ­мыс­тары жал­ға­сады.