• RUB:
    4.75
  • USD:
    441.44
  • EUR:
    473.09
Басты сайтқа өту
Коронавирус 01 Наурыз, 2022

Вакцина алу әлі де баяу

353 рет
көрсетілді

Қай ауру айтып келуші еді?! Қауіпті вирус та тұтқиылдан сап ете қалып, әбігерге салатын апат секілді екеніне көз жетті. Жаһан жұртын шырмауықтай шырмаған дертке жасы ұлғайған аға буыннан бастап, жарық дүние есігін енді ашқан нәрестелер де шалдығып жатыр.

 

Облыстық денсаулық сақ­­­тау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиевтің мәліметіне сүйенсек, 2020 жылдың наурызынан бері 62 195 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталып отыр. Содан бері науқастардың 98,2%-ы сауығып шықты. Соңғы екі аптада коронавирус инфекциясын жұқтыру дерегі 2,6 есеге төмендеді. Өңірде 24 ақпандағы дерекке сәйкес қауіпті вирусқа шалдық­қан 346 адам үй жағдайында, ал 47 науқас 2 360 орындық ин­фекция­лық стационарда, 106 төсектік орын­ға арналған жан­сақ­тау бөлімінде жағдайы нашар­лаған бес науқас ем қабылдау үшін оқшауланған.

Мәселен, Құрманғазы ауданында тұратын ерлі-зайыпты зейнеткерлер Сә­уірбай Дәуітов пен Жеміс Жан­темірованың жасы – 74-те. Екеуі де коронавирус инфекциясын жұқтырған. Олар 1 ақпанда жедел жәрдем­мен Атырауға жеткізіліп, ауруханаға ауыр жағдайда түскен.

– Бастапқыда науқас­тар­дың дене қызуы көтеріліп, тә­беті төмендеген. Ентікпе, та­мақ, бас ауруы 23 қаңтардан бас­тап мазалаған. Алайда ауру белгілері 31 қаңтарда кү­шейген. Дәрігерлер нау­қас­тардың денсаулығына жіті тексеру жүргізді. Ерлі-за­йыпты зейнеткерлерде ко­­ро­навирус инфекциясына қарсы ПТР зерттеуі оң нәтиже көрсетті. Ер адамның өкпесінің 17%-ы, ал әйелде 42%-ы зақымданғаны белгілі болды, – деп мәлім етті №2 облыстық аурухананың бас­пасөз қызметі.

Жеміс Жантеміроваға екі­­жақты полисегментарлы пнев­мония диагнозы қо­йы­лыпты. Инфекциялық ста­цио­нардың жансақтау бөлі­мінде 9 күн ем қабылдады. Жағдайы жақсарғаннан кейін үйіне шығарылған.

– Ауруханаға түскен сәт­­­­­тегі жағдайымды айтып жет- ­­кізе алмаймын. Дем алу қиын­ға түсті. Бас ауруы мазалап, дене қызуым 38 градусқа де­йін көтерілді. Ақ халатты абзал жандардың жылы сөзі мен хаттамаға сәйкес жүр­гізген емінің арқасын­да жағдайым жақсарды. Әлем­ді қауіпті індет шарпыған қиын сәтте №2 облыстық аурухананың дәрігерлері мен медбикелері, басқа да қызметкерлері еш мойы­май, ажалдан араша­лап қалды. «Сауығып шыға­сыз, әже!» деп демеу болған мейірімді жандарға алғыстан басқа айтарым жоқ, – дейді Жеміс Жантемірова.

Дәрігерлер жақыныңа жанашыр болудың, қауіпті вирусты тежеудің бір ғана жолын ұсынады. Бұл – вакцина салдыру. Бірақ вакцина салдыру әлі де баяу екені байқалып отыр. Об­лыстық денсаулық сақтау бас­қармасының басшысы Асхан Байдуәлиевтің айтуын­ша, былтырғы 1 ақпаннан бері вакциналардың бірінші компонентін 268 149 адам ектірген. Вакциналардың екін­ші компонентін сал­дыр­ған атыраулықтардың саны 253 252 адамға жеткен.

Сондай-ақ 20 қарашадан бері Pfizer екпесін салдыру жалғасып жатыр. Бұл вакцинаны алатын 12 мен 18 жас аралығындағы балалар саны 63 138 адамды құрай­ды. Бала емізетін және жү­кті әйелдер саны – 35 362. Осы кезге дейін Pfizer екпесін осы санатқа кіретін 6 900 адам салдырған.

Былтырғы 23 қарашада басталған ревакциналаудан өтетіндер тізіміне 97 493 атыраулық енгізілген. Ревак­циналауды бірінші кезек­те дәрігерлер мен полицей­лер, мұғалімдер, құқық қорғау органдары мен арнайы меке­мелердің қызметкерлері, мем­лекеттік қызметшілер, сон­дай-ақ студенттер мен созыл­малы сырқатпен есепте тұрған пациенттер алады. Қазір аталған санаттардағы 38 756 адам қайта вакциналау­дан өткені белгілі болып отыр.

 

Атырау облысы