• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Коронавирус 01 Наурыз, 2022

Қазақстанда коронавирустан тағы 10 адам қайтыс болды

278 рет
көрсетілді

Қазақстанда бір тәулікте коронавирустан тағы 10 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап.

27 ақпандағы мәлімет бойынша 22 912 адам коронавирус инфекциясынан (21 798 КВИ+ және 1 114 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде:

2 592 пациент стационарда, 20 320 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

184 адамның жағдайы ауыр, 69 пациенттің жағдайы өте ауыр, 63 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.

28 ақпандағы жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 9 385 399 адам, 2-компонентін 8 991 492 адам салдырды.