• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Әлем 01 Наурыз, 2022

НАТО Бас хатшысы Польша мен Эстонияға барады

243 рет
көрсетілді

НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг Польша мен Эстониядағы әскери базаларды аралайды, деп хабарлайды Egemen.kz Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Столтенберг наурыздың алғашқы күні Польшадағы Ласк әуе базасында, одан кейін Эстониядағы Тапа әскери базасында болады.

Екі базаны да НАТО күштері пайдаланады.

Столтенберг, сонымен қатар Польша Президенті Андрей Дудамен және Эстония Премьер-Министрі Кая Калласпен келіссөздер өткізеді.