Қаржы мониторингі агенттігі ҰҚКД және ДАПК қызметкерлерімен бірлесіп Түркістан облысында заңсыз майнингтік қызмет фактісін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР ҚМА Telegram-арнасына сілтеме жасап.
«Шардара су электр станциясының жанында орналасқан аумақта ҚР заңнамасын бұзып, аса ірі мөлшерде табыс табатын майнингтік ферма жұмыс істеді. 2 899 бірлік көлемінде жабдық табылды. Жабдықтың болжамды құны 1 млрд теңгеден асады. Криминалист қорытындысына сәйкес, 2021 жылдың наурыз-желтоқсан айлары аралығында алынған табыс сомасы 450 млн теңгеден асты», делінген хабарламада.