• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Қоғам 01 Наурыз, 2022

Қыс мезгілінде республикалық жолдарда 400-ден астам көлікке көмек көрсетілді

239 рет
көрсетілді

Күнтізбе бойынша көктем келгенімен, еліміздің басым бөлігінде ауа-райының қолайсыздығына байланысты жолдарды қысқы күтіп ұстау жұмыстары әлі де жүріп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

 

Республикалық жолдарда биылғы қыста ауа-райына, яғни боран, тұман, жолдарда көріністің нашарлауына байланысты 467 рет көлік қозғалысына шектеу енгізілді.

Жолдарды күтіп ұстауға 1090 арнайы техника жұмылдырылған.

Сонымен қатар, осы мезгілде 78 мың метрден астам қардан қорғайтын қалқан, 4802 уақытша жол белгілері орнатылды. 8 мыңнан аса шақырымда қар үйінділері, 114 мың шақырым қар траншеялары ұйымдастырылды. Көктайғақ жолдарға 20 мың тоннадай тұз, 57 мың мекше метр құм, 500 тонна химиялық реагент себілді.  

Сондай-ақ, қыс басталғалы қиындыққа тап болған 400-ден астам көлікке көмек көрсетілді. 168 техника жылы бокстарға, 1 мыңнан аса адам «Қазақавтожол» мекемесінің жылыту тіректеріне жеткізілді.