• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 01 Наурыз, 2022

Жарылғыш зат туралы жалған хабарлама

530 рет
көрсетілді

Оны таратқан Петропавлдың мас тұрғыны қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Ол «102» арнасына телефон шалып, Заводская көшесіндегі үйлердің бірінің кіреберісінде жарылғыш зат тұрғаны туралы суыт хабар жеткізген.

Хабарламаға патрульдік полиция батальоны қызметкерлері, жарғыш техниктер және басқа да жедел қызметтердің өкілдері тік көтеріліп, тексеріс жүргізді. Алайда хабар жалған болып шықты.

Өтірік айтқан адам аталған үйдің маңынан ұсталды. Бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған 38 жастағы қала тұрғыны орта деңгейдегі алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды. Аталған факті Қылмыстық кодексінің 273-бабы «Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

«Телефон терроризмі» үшін Қылмыстық кодекстің 273-бабына сәйкес ірі көлемдегі айыппұлдан бастап 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.

ПЕТРОПАВЛ