Әуесқой бокста әлем және Азия чемпионы атағына қол жеткізген Мерей Ақшалов мемлекеттік жаттықтырушы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл туралы әлеуметтік желілерде Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев хабарлады.
«Өткен аптада танымал боксшы Мерей Ақшалов бокстан ҚР мемлекеттік жаттықтырушысы болып тағайындалды. Абыройлы қызметте табыс тілеймін! Еліміз үшін және әр қазақстандық үшін бокстың орны бөлек. Сол үшін әрдайым әлемдік бокс бәсекесінің алдыңғы сапында болуымыз керек», деп жазды министр.