Brent мұнайының бағасы 2014 жылдың тамызынан бері алғаш рет 108 доллардан асты, деп хабарлайды Egemen.kz ТАСС ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.
2022 жылдың мамыр айында Лондонның ICE биржасында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерсінің құны 3,05%-ға қымбаттап, барреліне $108,17-ға дейін өскен.
Brent мұнайының құны барреліне $108,46 деңгейінде саудаланып, 3,32%-ға дейін өсті. Соңғы рет Brent бағасы 2014 жылдың тамызында барреліне 108 доллардан асты. WTI маркалы мұнай фьючерстерінің құны 3,81%-ға артып, барреліне 107,22 долларға дейін қымбаттады.