• RUB:
    5.03
  • USD:
    492.22
  • EUR:
    529.38
Басты сайтқа өту
Қаржы 02 Наурыз, 2022

Күніне 3,2 трлн теңге төлем жасалады – Ұлттық Банк

238 рет
көрсетілді

Өткен жылы төлем жүйелері мен қаржы ұйымдарының тікелей корреспонденттік шоттары арқылы ұлттық валютада жасалған қолма-қол ақшасыз төлемдер мен ақша аударымдарының жалпы көлемі 862 трлн теңгені құрады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оның 91%-ы Ұлттық Банктің төлем жүйелері – Банкаралық ақша аудару жүйесі және Банкаралық клиринг жүйесі арқылы жүргізілді.

ҚҰБ ұлттық төлем жүйелеріндегі транзакция саны 59,3 млн теңгені, жалпы сомасы – 782,1 трлн теңгені құрады.

Осылайша, ақшалай операция жүргізілген күннің сомасы 3,2 трлн теңге болатын 241,2 мың төлемді құрады. Бұл орташа есеппен минутына 4,8 млрд теңге сомаға төлем жүргізілгенін білдіреді.

Операциялық күн ішінде төлемдердің ең көп саны сағат 12:00-ден 13:00-ге дейінгі кезеңде жүргізіледі.

Соңғы жаңалықтар