• RUB:
    4.76
  • USD:
    526.11
  • EUR:
    542.31
Басты сайтқа өту
29 Наурыз, 2014

Әңгіме арқауы мемлекеттік қызметтің қазақстандық моделі

246 рет
көрсетілді

Вашингтон қаласында (АҚШ) Америка мемлекеттік басқару қоғамының (ASPA) 75 жылдығына орай мерекелік конференциясы шеңберінде «Мемлекеттік қызметті жетілдіру стратегиялары: Қазақстан мысалдары» арнайы сессиясы болып өтті. Мемлекеттік қызмет істері агент­тігінің төрағасы Әлихан Бай­­менов конференция қаты­­­су­­­­­шы­ларын Қазақстан Респуб­­ли­­ка­сы­ның мемлекеттік қызмет жүйе­с­інің эволюциясымен, сон­дай-ақ, ре­­формалардың жаңа кезе­ңінің басымдықтарымен таныстырды. Атап айтқанда, «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңдағы түбегейлі жаңалықтарға, кадрларды ірік­теу және ілгерілету кезінде мери­тократия қағидаттарын сақтау­ға, этикалық және сыбай­лас жем­­­қорлыққа қарсы бақылау­ды кү­­­шейтуге, персоналды­­ бас­­­­­қарудың инновациялық тетікте­ріне, «А» басқарушылық кор­­­­пусының құрылуына, мемле­кеттік қызметтер көрсету сапа­сын ба­қылауға, мемлекеттік қызмет­­­­ші­лерді оқытуға және т.б. жан-жақты тоқталды. Қазақстан Президентінің жа­нындағы Мемлекеттік басқару академиясы ҒЗИ директоры Е.Жаркешов Қазақстандағы мем­лекеттік қызмет саласындағы оқыту жүйесі мен ғылыми-зерт­теу­лер туралы баяндама жасады. Талқылауға ASPA президенті және АҚШ-тың Еңбекақы жө­нін­дегі федералдық кеңесінің басшысы Стив Кондри, Басқарушылық буынның біліктілігін арттыру федералдық институтының бұ­рынғы директоры және ASPA конференциясының құрметті тең төрағасы Честер Ньюланд, БҰҰ-ның Қазақстандағы резидент үйлестірушісі Стивен Тулл және т.б. қатысты. Талқылауға қатысушылар Қа­зақстандағы мемлекеттік қызмет саласында жүргізіліп жатқан реформаларға жоғары баға берді және саяси қызметшілердің сегіз есеге қысқартылып, «А» кор­­пу­сының құрылуын Президент Н.На­зарбаевтың мемлекеттік қызметті кәсібилендіруге бағытталған ерік-жігерінің жарқын көрінісі ретінде атап айтты. Конференцияның қатысу­шы­лары Астанадағы Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хаб бастамасының маңыз­­­дылығын атап өтті. Талқылау қорытындысында Ә.Байменов панельдік сессия қа­­­ты­сушыларының қызығушылық та­нытқан сұрақтарына жауап берді. «Егемен-ақпарат».