• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 02 Наурыз, 2022

Украинадағы жағдай: Ресей Херсон қаласын бақылауға алды

322 рет
көрсетілді

Украина президенті Владимир Зеленский Черкасск және Одесса облыстарының басшылығына әскери қызметкеркерді тағайындады. Жергілікті БАҚ Ресей Федерациясы Херсонды бақылауға алғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Зеленский Черкасск және Одесса облыстарының басшыларын алмастырды. Енді бұл лауазымдарды әскери қызметкерлер Игорь Табурец пен Максим Марченко атқаратын болады.

Бұқаралық ақпарат құралдары Марченконың Украина Қарулы күштерінің полковнигі, 28-ші жеке механикаландырылған бригаданың командирі атанғанын жазады. 2015-17 жылдары ол 24-ші «Айдар» жеке шабуыл батальонын басқарды. Бұл бөлім Киевтің Донбасс республикаларына қарсы күш операцияларына қатысты.

Львов қаласының мэрі 18 жастан 60 жасқа дейінгі барлық эвакуацияланған ер адамдар 24 сағат ішінде әскери комиссариаттарға келіп, тіркеуге тұруы қажет екенін мәлімдеді.

Украинаның Бас штабы Қара теңіздің солтүстік-батыс аймағында кеме қатынасы жабылғанын мәлімдеді.

19 ел Украинаға қару жолдау жөнінде шешім қабылдады.

Бұқаралық ақпарат құралдары Ресей әскерлері Херсонды бақылауға алып, Мариупольды жауып, Еуропадағы ең ірі атом электр станциясы орналасқан Запорожьедегі Энергодар блокпостына жақындады деп хабарлайды.