• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 03 Наурыз, 2022

БҰҰ: Украинада кемінде 227 бейбіт тұрғын қаза тапты

266 рет
көрсетілді

БҰҰ Украинадағы бейбіт тұрғындар арасында қанша адам қайтыс болғаны туралы мәліметпен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.

БҰҰ жоғарғы комиссарының адам құқықтары жөніндегі басқармасы (БҰҰ АҚЖКБ) Twitter-дегі ресми парақшасында 24 ақпанда соғыс басталғаннан бері Украинада кемінде 227 бейбіт тұрғын қаза тауып, 525 адам жарақат алғаны туралы ақпарат таратты.

«2022 жылдың 24 ақпанында Ресей Федерациясы Украинаға қарсы соғыс қимылдарын бастады. Содан бері, яғни, 1 наурыз күнгі түн ортасына дейін Украинада 752 адам қайтыс болды немесе жарақат алды. Соның ішінде 227 адам қайтыс болды (31 ер адам, 25 әйел, 6 ұл және 3 қыз, сондай-ақ, жынысы әлі анықталмаған 6 бала және 156 ересек) және 525 жаралы (42 ер адам, 33 әйел, 7 қыз және 2 ұл, сондай-ақ, жынысы әлі анықталмаған 19 бала және 422 ересек)», делінген құжатта.

Бейбіт тұрғындар арасында қаза тапқан немесе жарақат алған жағдайлардың басым көпшілігі ауыр артиллерия шабуылынан немесе реактив зымырандардан және әуе соққыларынан, жарылғыш құрылғылардан болған.

БҰҰ АҚЖКБ нақты сан әлдеқайда жоғары деп санайды, бұл ақпарат қосымша расталуы қажет. Сондай-ақ, БҰҰ ресми өкілі соғыс қимылдары жалғасып жатқан кейбір жерлерден ақпарат алу қиынға соғып жатқанын айтты.