• RUB:
    5.63
  • USD:
    477.15
  • EUR:
    522.43
Басты сайтқа өту
Пікір 04 Наурыз, 2022

Ашықтық – басым бағыттардың бірі

340 рет
көрсетілді

Президент Қ.Тоқаевтың төрағалығымен онлайн форматта өткен Nur Otan партиясының кезектен тыс XXII съезінің күн тәртібінде партияның Саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу және Nur Otan партиясын жаңғырту мәселелері қаралды.

Съезде Мемлекет басшысы Nur Otan партиясының атауын Amanat деп өзгертуді қолдады. «Бұл еліміз үшін де, ұлтымыз үшін де айрықша мәні бар киелі ұғым. Егемендігіміз, елдігіміз бен бірлігіміз, кең-байтақ жеріміз бізге бабалардан жеткен аманат. Осы қастерлі құндылықтары­мыз­ды көздің қарашығындай сақ­тап, болашаққа мирас етуі­міз керек. Мемлекеттілік, дәстүр жалғастығы, ұрпақ сабақтастығы дегеніміз – міне осы. Халқы­мыз ешқашан аманатқа қиянат жа­са­маған. Партия бұл қағидатты бе­рік ұстанады», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ел Президенті: «Amanat – ор­тақ мағынадағы центристік партия. Ол – әділдік партиясы, халық бірлігі партиясы, алға қарай нық қадам басу партиясы, халықтың пікірі мен арманын тыңдайтын және азаматтарымыздың мүд­десі үшін әрекет ететін партия», деп, партияны жаңғыртуға ар­нал­ған бірқатар басымдық­ты атап көрсетті. Олар: партия аппаратының тиімділігін арттыру, Мәжіліс пен Мәслихаттардағы фракция қызметін жандандыру, азаматтардың мүдделері мен пар­тияның ашықтығын арттыру, пар­тияішілік сайлауды өткізу құ­ралдарының аясын кеңейту және әкімдер сайлауына белсенді қатысу, саяси кадрларды даяр­лау. Пре­зидент бұл айтылғандар­ды ба­рынша қысқа уақытта жү­зеге асы­рып, «дамудың жаңа кезе­ңін­­де парт­ияға жаңа тұғырнама қа­жет. Бірақ негізгі құндылық­­тары­­­мыз өзгермеуге тиіс», дей отырып, Ор­­та­лық аппаратқа жұмыс то­бын құ­рып, партияның жаңа тұ­ғыр­на­масын әзірлеуді тапсырды.

Съезде партияны жаңғырту бо­йынша жүргізілетін жұмыс­тардың 7 бағыты айқындалды. Оның біріншісі – халықпен кері байланыс жасау құралдарының тиімділігін арттыру. Бұл ретте партияның орталық аппараты мен филиалдары жанындағы қоғам­дық кеңестердің саны оңтай­лан­дырылып, құрамы жаңар­тылады, қоғамдық қабылдау бөлмелері­нің жұмысы проактивті формат­қа ауыстырылады. Бүгінгі күні қоғамдық қабылдау бөлме­лері халықпен ара­ласып, олар­дың сұраныстарын орындауға бағытталған тиімді тәсілдердің бірі болып отыр.

Екінші бағыт – партияластар арасында ынтымақтастықты арт­тыру. Бұл ретте бастауыш пар­тия ұйым­дарымен (БПҰ) жұ­мыс кү­шей­тіледі. БПҰ-ларды ірілен­д­іру, олардың төрағаларын баға­лау жүйесі мен рейтинг енгі­зіледі. Сонымен қатар жергілікті жер­­дегі мәселелерді шешіп, партиялық жобаларды жүзеге асыру үшін партия жар­на­ларының 20%-ы БПҰ-ға қайта­рылады. Партияластар­ға халық­пен жұмыс жасау дағды­лары үйретіледі. Бұл ретте партия Төр­ағасы Саяси менеджмент акаде­миясының жұмысын айтарлықтай күшейту туралы тапсырма берді. Бастауыш партия ұйымдары пар­тияластардың ұйымшылдығын арттыру құралына айналады.

Үшіншісі – партияның жұмы­сын­да ашықтықты арттыру. Бұл үшін барлық деңгей­дегі мәс­лихаттарда депутат­тар қызметінің рейтинг қоры­тын­дылары жария­ланатын болады. 2021 жылы партия депутаттарының рей­тингі қанатқақты жоба ретінде жүр­гізіле бастаған болатын. Съезде партияның атқарушы хатшысы Асхат Оралов жобаның сынақ­тан өткенін, енді нәтижесі жарияланатынын айтты. Сонымен қатар ашықтықты арттыру үшін парияның мобильді қосымшасы іске қосылады, TALQYLAU пікір­­талас алаңқайы, партияның бас­пасөз орталығы құрылады.

Төртінші бағыт ретінде пар­тиялық бақылауды күшейтуге мән беріледі. Бұл ретте Орталық аппарат Мәжілістегі партия фракциясымен және Үкіметпен бірлесіп, Сайлауалды бағдарламаның орындалуын тексереді және Парла­мент Мәжілісіндегі фракция отыры­сында Премьер-Министрдің қаты­суымен Үкіметтің есебін тың­дайды. Ал мәслихаттардағы фракция отырыстарында аймақ­­тық филиал төрағаларының – әкім­дер­дің есептері тыңдалады. Бұл пар­тияның электорат алдындағы уәделерін орындау талабын одан әрі күшейтеді.

Бесінші бағыт бойынша пар­тияның бағдарламалық құ­жат­тары қайта қаралатын болады. Бұл ретте партияның Жарғы­сына өзгерістер енгізіледі, 2030 жылға дейінгі «Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» бағдарламасы жаңар­тылады, 2025 жылға дейінгі «Сы­байлас жемқорлыққа қарсы іс-қи­мыл бағдарламасы» қайта қара­лады. Осының негізінде партия Төрағасының тапсырмасына орай негізгі құндылықтарымызды өзгерт­пей, партияның жаңа тұғыр­намасы әзірленетін болады.

Алтыншы бағыт халықтың әр түрлі топтарымен жұмыс істеуге арналады. Осы уақытқа дейін «Арда­герлерді ардақтайық», «Бақыт­ты отбасы», «Кедергісіз келешек», «Ұлттық мұра», «Жас­тар – Отанға», «Халыққа көмек» сынды 6 партиялық жоба жү­зеге асырылып келеді. Алдағы уақытта ТАЗАLIKE, «Әлеумет», «Жаңа Қазақстанға арналған 30 инновациялық идея» атты жаңа жобалар іске қосылатын бола­ды. Аталмыш жобалар қоғам­дық көңіл күйді саралау мен әлеу­­меттік шиеленістің ықтимал ошақ­­тарын анықтауға, сарапшылар мен белсенді азаматтардың ұсыныстарын жинақтауға ба­ғытталады.

Соңғы жұмыс бағыты Jas Otan жастар қанатының жұмысын жетілдіруге арналады. Бұған де­йін сайлау кезінде әйелдер мен жас­тарға арналған квота енгізілгені белгілі, соның нәтижесінде, 2021 жылы сайланған депутаттардың арасында жастардың үлесі артты. Мемлекет басшысының Jas Otan қатарына пайдалы қоғамдық қызметпен айналысуға дайын, жастар арасында сенімге ие көш­басшыларды тарту қажет деген тапсырмасына орай беделді жас көшбасшыларды ұйым қатарына шақыру жұмысы жүргізіледі. Сонымен қатар жас депутаттар корпусының қызметін жандандыру, Biz birgemiz және «Волонтер мектебі» волонтерлік ұйымдарын кеңей­ту, ауыл жастарының әлеуе­тін дамытуға бағытталған жаңа «Өрлеу» жобасын іске қосу, жас­тарды отансүйгіштікке баулитын «Қайсар» әскери-патриоттық жобасын жүзеге асыру жұмыстары мен креативті жас партия мүше­лерінің әлеуетін іске асыруға мүм­кіндік беретін «Партияның контент-фабрикасы» жобасы қолға алынады. Партия қызметінде жас­тардың, соның ішінде NEET санатындағы жастардың проб­лема­лық мәселелерін, оларды әлеу­меттендіру әдіс-тәсілдерін анық­тау бойынша кешенді жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Съезде сөйлеген сөзінде Мем­лекет басшысы Қ.Тоқаев ел бір­лігін нығайтып, Жаңа Қазақ­стан­ды құру бәрімізге ортақ мін­дет екенін айтты. Осынау асқаралы мін­дет­ті жүзеге асыру үшін ел бола­шағы жастардың әлеуетін арттыру – уақыт талабы. Партияның ба­­ғыт-бағдары айқындалды, енді жаң­­­ғырту жолындағы басым­дық­тар­­­дың орындалуына жауап­керші­лікпен аянбай еңбек етуіміз керек!

 

Мира БАЛТЫМОВА,

Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты