Украина тарапы ФИФА-дан Шотландия құрамасына қарсы өтуі тиіс әлем чемпионатының електік ойынын кейінге қалдыру туралы өтініш білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«ФИФА Украина тарапынан Шотландия құрамасына қарсы өтуге тиіс кездесуді кейінге қалдыру туралы өтініш түскенін растайды. Жалпы ойын наурыз айына жоспарланған болатын. Бүгінде бұл мәселені шешудің түрлі жолдары қарастырылып жатыр», делінген ФИФА-ның жауабында. Расында да Украина еліндегі соғыс жағдайы ескеріліп, ойын датасы ауыстырылуы әбден мүмкін.