3 ақпанда Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 4 адам көз жұмды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оның ішінде 3-еуі КВИ инфекциясынан, біреуі пневмониядан көз жұмған.
Айта кетейік, өткен тәулікте ел бойынша 220 адамнан коронавирус анықталды.