Бүгін Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Түркістан облысында болып, Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы кеден бекеттерінің жұмысын тексерді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сапар барысында министр сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен кездесіп, мемлекеттік органдардың, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшыларымен, сондай-ақ құқық қорғау органдарының және бизнес өкілдерімен жұмыс кеңесін өткізді.