Швеция астанасы Стокгольмдағы тұрғын үй иесі алып егеуқұйрықты қолға түсірді. Бұл туралы Segodnya.ua хабарлады.
Үй иелері алып кеміргішті ас үйдегі қоқысты шығармақ болғанда байқап қалған. Бұл егеуқұйрық ыдыс-аяқ жуатын мәшиненің артындағы қабырғаны кеміріп, сол жерден өзіне ін жасаған. Үй иелері оны қолға түсіру үшін сол іннің аузына қақпан орнатады. Ал қақпанға түскен егеуқұйрықтың құйрығын есептемегенде оның ұзындығы 40 сантиметрге жеткен.
Қақпанға түскен егеуқұйрық біраз уақыттан кейін тұншығып өлген. Нақты айтқанда, іннің ортасына кептеліп қалыпты...
Айдар Өрісбаев.
Дереккөз: Segodnya.ua.
Фото: Paranormal-news.ru.