• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Қоғам 07 Наурыз, 2022

Қазақстандық әйелдердің орташа некеге тұру жасы белгілі болды

323 рет
көрсетілді

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Қазақстан әйелдері туралы инфографика дайындады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Биылғы жыл басындағы мәлімет бойынша Қазақстанда 9,8 миллион әйел және 9,3 миллион ер адам тұрады.

Бұл ретте 6 миллионға жуық әйел қалада, 3,8 миллионы ауылда тіршілік кешіп жатыр. Қазақстандық әйелдердің орташа жасы – 33,5, некеге тұру жасы – 24,8.

Өмір сүру ұзақтығы 75,5 жас. 2021 жылдың 4-тоқсанындағы деректерге сәйкес, әйелдер көбінесе келесі кәсіби салаларда жұмыс істейді: білім беру, бизнес және басқару, сатушылар мен сату қызметкерлері, сауда, қызмет көрсету.