Ауа райының тұрақталуына байланысты елордадан шығатын бірқатар жолдар ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ikomek қалалық шұғыл қызметі таратқан мәліметке сенсек, 7 наурыз күні сағат 12.00-ден бастап Нұр-Сұлтаннан шығатын бүкіл республикалық жолдар ашылған.
Атап айтқанда, «Нұр-Сұлтан - Петропавл» жолының 18-231 шақырымдарының аралығында, «Нұр-Сұлтан - Щучинск», «Нұр-Сұлтан - Жақсы ауылы» және «Екатеринбург - Алматы» жолының 917-1247 шақырым аралығында көліктің барлық түрлерінің қозғалысына рұқсат берілді.