Ресей делегациясы Украинамен келіссөздің үшінші раундын өткізу үшін Беларуське ұшып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz Sputnik Беларусь сайтына сілтеме жасап.
Айта кетейік, Беларусь аймағында 28 ақпаннан 3 наурызға дейін кездесудің екі раунды өтті.
Екінші раундтан кейін Украина мен Ресей кейбір секторда қақтығысты тоқтатуға келіскен болатын.