• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Коронавирус 09 Наурыз, 2022

Өткен тәулікте коронавирустан 3 адам көз жұмды

167 рет
көрсетілді

Қазақстанда коронавирустан 3 адам қайтыс болды, коронавирус пневмониясынан өлім-жітім тіркелмеді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ведомство ақпаратына сәйкес, 7 наурыздағы ахуал бойынша, ел өңірлерінде коронавирус белгілері бар пневмонияның тіркелген жағдайлары – 1, қайтыс болды – 0, жазылып шықты – 19 адам .

Жалпы, 2020 жылдың 1 тамызынан биылғы 7 наурызға дейін пневмонияны 88 326 адам жұқтырды, ал жазылып шыққандардың саны – 81927.

2020 жылдың 13 наурызынан биылғы 8 наурызға дейін қауіпті індет 1 304 012 адамнан анықталды, жазылды – 1 277 680 адам. Қайтыс болды – 13 635 науқас.