• RUB:
    5.41
  • USD:
    476.27
  • EUR:
    515.47
Басты сайтқа өту
Оқиға 09 Наурыз, 2022

Қарағандыда тергеу изоляторынан қашып кеткендер ұсталды

525 рет
көрсетілді

Қарағанды обылысының Шахтинск қалалық полиция бөлімінің уақытша ұстау оқшаулағышынан қашып кеткен екі ер адам ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Заң бұзушылар тергеуде болған. Енді негізгі айыппен қоса, оларға изолятордан қашқаны үшін жаза мерзімі қосылуы мүмкін.

«8 наурызда Қарағанды облысы Шахтинск қалалық полиция бөлімінің уақытша ұстау абақтысының серуендеу ауласынан тергеу барысына қамауға алынған екі адам қашып кетті. Алайда қылмыскерлер алысқа ұзап кете аламады. Жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері бірнеше сағат ішінде қашқындарды ұстады. Қашу фактісі бойынша ҚР ҚК 426-бабымен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде», деп мәлімдеді Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.