Қазақстандық ғалымдар «мыңжылдық есептерді» шешуге арналған бірегей технологияны әзірледі. Ғылыми әзірлеменің таныстырылымы Expo 2020 Dubai көрмесі аясында өтті. Алгоритмді жасаушылар оның тиімділігін COVID-19 анықтау бойынша тапсырма үлгісінде тексерді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан зерттеушілері жеті «мыңжылдық есебінің» екіншісі-P және NP кластарының теңдігі проблемасының ықтимал шешімін тапты. Оның мәні мынада: егер қандай да бір сұраққа оң жауапты тез тексеруге болатын болса, онда бұл сұрақтың жауабын тез табуға бола ма? Бұл қазіргі информатиканың ең күрделі мәселесі және оны шешу кез-келген деректерді компьютерлік өңдеу процестерінің принциптері мен жылдамдығын түбегейлі өзгерте алады.
Осы уақытқа дейін әйгілі Клэй институты тұжырымдаған математикадағы ең маңызды классикалық мәселелердің ішінен тек Пункаренің гипотезасы шешілді. Осы есептердің әрқайсысын шешу үшін институт $1 млн. сыйақы тағайындады, Жаңа әзірлеме бүкіл әлемдік қоғамдастық үшін алға басқан үлкен қадам болуы мүмкін, себебі зерттеушілер өз жұмысының нәтижелерін іс жүзінде қолдануды ұсынды. Осылайша, ғылыми зерттеулердің 4 жылдық кезеңінің қорытындысы бойынша ғалымдар NP-толық есепті шешудің көпмүшелік алгоритмін жасап шықты.
Бұл компьютерлік код, оның көмегімен кез-келген нақты әдістерге қарағанда деректерді талдаудың сенімді нәтижелеріне қол жеткізуге болады. Ғылыми жаңалық қазақстандық ғалым, техника ғылымдарының докторы, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің профессоры, «Буран» ғарыш кемесінің борттық басқарудың автоматтандырылған жүйесін әзірлеушілердің бірі Бақтыгерей Синчевтің басшылығымен жасалды.
Жобаны іске асырудағы негізгі тұлғалар тәуекелдерді бағалау және басқару саласындағы маман, New Aeon IT-компаниясының директоры Жанна Ақжанова және Б.Синчевтің ұлы Ақпараттық технологиялар саласындағы сарапшы Асқар Синчев болды.
Әзірлеушілердің пікірінше, алгоритм кез-келген әдістерге қарағанда дәл нәтиже бере алады. Осылайша, үлкен уақыт пен материалдық ресурстарды қажет ететін компьютерлік модельдеу саласындағы барлық есептерді тезірек орындауға болады.
Ғалымдар коронавирустық инфекцияны анықтау бойынша конкурстық шеңберінде Kaggle.com мамандандырылған порталында технологияның әрекет ету механикасын мен оның тиімділігін тексерді. Қазақстандық команда ресурста ұсынылған үздік алгоритмге қарағанда 10 есе жылдам шешім таба алды. Осылайша, инновацияны қолдану Сovid-19 анықтау әдісін бірдей енгізу деректерімен (2 миллиард жазба) жеделдетуге мүмкіндік берді.
Тағы бір мысал - Қазақстанда жасалған алгоритмнің көмегімен жүк тасымалдайтын көлік құралдары 100% дәлдікпен толтырыла алады. Алдын ала бағалаулар бойынша, бұл 161 ірі логистикалық компанияның нарықтық капиталдандыруын $ 500 миллиардқа арттыруы мүмкін.
«Интернет арқылы алынатын кез келген қызметтер әрқайсымыз үшін жаңа қырынан ашылады. Осылайша, онлайн-брондау барысында технология тұтынушылар үшін мүмкіндіктердің кең таңдауын, соның ішінде қызметтің ең төменгі құнын, ыңғайлы маршруттар мен ұшудың ең қолайлы ұзақтығын қамтамасыз етеді», деді New Aeon директоры Жанна Ақжанова.
Қазіргі уақытта әлемдік онкология институттарының бірінің сарапшыларымен алгоритмді қолдану туралы келісімге қол жеткізілді. Жоба авторлары әзірленген технологияға патент алып, мамандандырылған журналдарға ғылыми мақалалар жариялады.
Алгоритмнің таныстырылымы Expo 2020 Dubai аясында ҚР Ұлттық павильонының алаңында өтті. Іс-шараны танымал қазақстандық кинематографшы Санжар Мәди жүргізді.