• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
31 Наурыз, 2014

Шымкентте лак-бояу цехының шатыры жанып кетті

447 рет
көрсетілді

Бүгін, 31 наурыз күні 15:54 сағатта Шымкенттің іргесіндегі лак-бояу өнімдерін шығаратын цехтың ауласында өрт басталды. Бұл туралы Remarka.kz хабарлады. Оңтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Арман Әсіпбеков «Олекс» ЖШС ғимаратының төбесі жанып кеткен. Өрт сөндірушілер командасы келген кезде от 1750 шаршы метр аумақты шарпып үлгерген. Өрт ғимараттың ішіне кірмеген. Тілсіз жауды ауыздықтауға 14 техника бірлігі мен жеке құрамның 110 адамы қатысты. Қазіргі сағаттарда өрт толық жойылды. Енді оның шығу себептері анықталып жатыр. Құрыш Нұрымбет. Дереккөз: Remarka.kz. Фото: novoevino.livejournal.com.