• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Наурыз, 2022

Назым сөздің ширатқан шын жібегін

257 рет
көрсетілді

Қармақшы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің К.Рүстембеков атындағы Жыраулар үйі Сыр сүлейі Тұрмағамбет Ізтілеуовтің туғанына 140 жыл толуына орай жырау шығармаларын насихаттау мақсатында «Тұрмағамбет жырлары – жаңа ғасыр көгінде» атты аудандық көркемсөз оқу шеберлерінің байқауын ұйымдастырды.

Байқауға Жосалы кенті мен елді мекендердегі мектептерден 30 талапкер қа­тысты. Аудандық мәде­ниет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Дәурен Ер­жанов назым сөздің шын жібегін ширатқан шайыр атындағы байқауға қа­ты­су­шыларға сәттілік тіледі.

Қазылар шешімімен кіші топ бойынша бас жүлдені Айдана Ұланбек алды. Үлкен топтағы бас жүлде Маржан Берікболға бұйырды. Қал­ған орын иелері мен қатысу­шылар арнайы алғыс хаттар және сыйлықтармен марапатталды.

Жыл басынан өңірде Тұрмағамбет Ізтілеуовтің туғанына 140 жыл толуына орай мәдени шаралар легі басталды. Жақында ғана облыстық филармонияда дәс­түрлі орындаушылардың «Тұғыры биік – Тұр­ма­ғамбет» атты концерті өтті.

Ұлттық руханиятты Шы­ғыстың сарқылмас мол мұрасымен байытқан шайыр атындағы респуб­ликалық деңгейде шаралар ұйым­дас­тыру да жоспарлануда.

 

Қызылорда