Халықаралық валюта қорының атқарушы кеңесі Украина еліндегі жағдайды ретке келтіру үшін 1 миллиард 400 миллион доллар қаржы қарастырып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.
Деректерге сенсек, бөлінетін қаражат әскери әрекеттердің экономикаға келтірген зардабын азайтуға бағытталмақ. Бұған дейін Украинадан 2 миллионнан астам адам өзге мемлекеттерге қоныс аударғаны белгілі болған еді. Әскери әрекет салдарынан елдегі инфрақұрылым айтарлықтай зардап шеккен. Халықаралық валюта қоры Украинаның есеп балансының қажеттіліктерін өтеуге көмектесіп, қысқа мерзімде маңызды қолдау көрсетуге ниетті.