• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Спорт 10 Наурыз, 2022

Әлемнің ең мықтылары қатысатын MMA Суперкубогы басталды

146 рет
көрсетілді

Бүгін Бахрейн астанасы Манамада әлемнің ең мықты 8 командасы қатысатын MMA Суперкубогы басталды. Жарыс 7 ерлер мен 2 әйелдер салмақ дәрежесінде өтеді. Жекпе-жек командалардың бірінің бес жеңісіне дейін созылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алғашқы матчта Қазақстан құрамасы Балқан елдерінің құрамасымен кездесті.

Әйелдер арасында 56,7 килоға дейінгі салмақтағы алғашқы жекпе-жекте Аян Тұрсынның қарсыласы жарысқа шығудан бас тартуына байланысты, жеңіс қазақстандыққа бұйырды.

Екінші белдесуде 61,2 килоға дейінгі салмақта қазақстандық Антонина Котляревская мен сербиялық спортшы Николио Сандра кездесті. Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілер бірауыздан жеңісті Котляревскаяға берді.

Жәнібек Тыныштық (61,2 килоға дейін) Войо Котановичке қарсы үш раунд өткізді. Айқын басымдық көрсетіп қазақстандық жеңіске жетті.

Төртінші жекпе-жек 65,8 килоға дейінгі салмақта Анатолий Золотых пен Воя Симичич арасында өтті. Бұл жекпе-жек те толық 3 раундқа созылып, төрешілердің шешімімен жерлесіміз жеңіске жетті.

Шешуші жекпе-жекте Неймат Асадов Данило Ристистке қарсы жекпе-жекті тұншықтыру арқылы мерзімінен бұрын аяқтап, Қазақстанға бесінші жеңісін әкелді.

Жекпе-жек қорытындысы бойынша қазақстандық құрама Бахрейн құрамасымен кездесетін жартылай финалға жолдама алды.