• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Парламент 10 Наурыз, 2022

Сенатта қауіпті қалдықтарға қатысты заң қабылданды

166 рет
көрсетілді

Сенаттың жалпы отырысында «Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы қауіпті қалдықтарды трансшекаралық өткізу туралы келісімді ратификациялау туралы» заңы қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Келісім 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт аясында жасалған халықаралық шарт болып саналады. Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт осы ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің үшінші елдермен сауда-саттықта тарифтік емес реттеудің бірыңғай шараларын қолдануын көздейді.

«Қазақстанда қауіпті қалдықтарды әкелу, әкету және транзитін заңнамалық реттеу Базель конвенциясы және Экологиялық кодекс нормаларымен жүзеге асырылады. Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерге қатысты лицензиялық тәртіп қолданылады. Лицензия беруді министрлік 2019 жылдан бастап, яғни ол құрылғаннан бастап жүзеге асырады», деді ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев.

Сонымен қатар ол жеке тұлғалардың жеке пайдалануы үшін қалдықтарды трансшекаралық өткізуіне тыйым салынатынын атап өтті.

«Келісім талаптарын сақтау Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасында қауіпті қалдықтарды өткізудің бірыңғай тәртібін белгілеуге мүмкіндік береді, сондай-ақ қауіпті қалдықтарды экологиялық негізделген түрде жоюға және қайта өңдеуге, қоршаған ортаның ластануын болғызбауға алып келеді», деді министр.

Осылайша, тараптар осы Келісімге және Тараптар мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес, қалдықтардың трансшекаралық орнының ауыстырылуын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын болады. Тараптар қалдықтарды көму және залалсыздандыру мақсатында оларды трансшекаралық тасымалдауына жол бермейді.