Америкалық «Спэйс Икс» компаниясы Жер бетіне жылдамдығы жоғары интернет тарататын жерсеріктердің кезекті легін ұшырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Хабар 24» телеарнасының мәліметінше, 2019 жылдан бері олардың 2 мың данасы ғарышқа жіберілді. Starlink деп аталатын бағдарлама аясында бас-аяғы 12 құрылғы ұшыру көзделген. Бірақ алдағы уақытта компания өкілдері спутник санын арттыруды жоспарлап отыр.
Айта кетейік, бұл жобаны жүзеге асыруға шамамен 10 миллиард доллар инвестиция тартылған.