• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Ауа райы 10 Наурыз, 2022

Бірқатар аймақта дауылды ескерту жарияланды

183 рет
көрсетілді

Қазақстанның бірқатар облысында дауылды ескерту жарияланды. Синоптиктер ауа-райының өзгеруін бақылауға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«11 наурызда Ақмола облысының оңтүстігінде солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел тұрады.

Сонымен қатар, жұма күні Қарағанды облысының батысы мен оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Шығыс пен солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысы мен оңтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қызылорда облысының орталығында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен түнде және таңертең солтүстікте, облыс орталығында жел 15-20 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде және Оралда тұман, көктайғақ күтіледі. Шығыс, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді», делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Сондай-ақ, 11 наурызда түнде Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, күндіз солтүстік-батысында, батысында боран соғады. Түнде облыстың оңтүстігінде көктайғақ болады. Шығыс, солтүстік-шығыстан соғатын жел орталықта, облыстың солтүстігінде 15-20 м/с жетеді.

Алматы облысы ТЖД мәліметінше, 11-13 наурызда Алматы облысының Жетісу және Іле Алатауы тауларында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар, тұман, көктайғақ) күтіледі.